Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті, — деп хабарлайды Olympic.kz. Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже көрсетті. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды. Айта кетелік, жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған.