Тоқаев бірқатар тағайындау жасады

Тоқаев бірқатар тағайындау жасады

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды, — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.