Василий Левиттің нокаутқа түскен сәтінің видеосы жарияланды
Василий Левиттің нокаутқа түскен сәтінің видеосы жарияланды
© Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
143
оқылды
Токио Олимпиадасында Василий Левиттің испаниялық боксшы Эммануэль Рейес Пладан жеңілген сәтінің видеосы пайда болды. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз испаниялық Эммануэль Рейес Пламен жұдырықтасты. Бұл жұпта фаворит саналған отандасымыз күтпеген жерден екінші раундта техникалық нокаутқа түсті. Осылайша, жүлдеден басты үміткер спортшыларымыздың бірі жарыс жолынан ерте шығып қалды. Отандасымыз 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада күміс медаль алған еді.