«Уақыт жоғалтасыздар»: Қарағанды облысының бас санитар дәрігері үндеу жасады

«Уақыт жоғалтасыздар»: Қарағанды облысының бас санитар дәрігері үндеу жасады

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин тікелей эфирде өткен брифингте тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге шақырды және  ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың кемінде 70%-ы вакцина алуы керек екенін айтты.

«Белгілі бір препараттың жеткізілуін күтудің қажеті жоқ. Дәл қазір бізде бар вакцинаны салдыру керек. Күнделікті ойланып-толғанған сайын алтын уақытыңызды жоғалтасыздар. Әр азамат өзі үшін дұрыс шешім қабылдауы керек. Мен денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі барларды қоспағанда, барлығына вакцина алуды ұсынамын», – деді Юрий Залыгин.
Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өзін жайсыз сезінгендерге өз бетімен емделмеуге кеңес берді.