Шымкентте жүргізуші 60 жастағы қала тұрғынын қағып өлтіріп, қашып кеткен
Шымкентте жүргізуші 60 жастағы қала тұрғынын қағып өлтіріп, қашып кеткен
Фото: Inform.kz
106
оқылды
6 шілдеде Шымкентте 60 жастағы ер адамды көлікпен қағып, қашып кеткен 30 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 6 шілдеде Шымкенттегі Қазыбек би көшесінде Toyota автокөлігінің жүргізушісі 60 жастағы тұрғынды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылып, сол жерде қаза болды. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және ҚР ҚК 347-бабымен тіркелді. 26 шілдеде жедел іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.