Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты - Видео
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты - Видео
128
оқылды
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп жазады Inform.kz. Жол апатының видеосы желіде жарияланды. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді.
«Audi автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы Т. есімді азамат Трудовой көшесімен батыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесінің қиылысында жол бермей YUTONG маркалы автобусқа соғылған. Қоғамдық көліктің рөлінде Б. есімді 28 жастағы жүргізуші отырған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ЖКО-ны М.Әуезов ауданы полиция басқармасының бөлімшесі тергеп жатыр», – деп мәлім етті Полиция департаментінен.
https://www.youtube.com/watch?v=cL8PuIK-uRo