Олимпиада қатысушыларына композиция арнады
Олимпиада қатысушыларына композиция арнады
147
оқылды

Қазақ және жапон әртістері Токиода өтіп жатқан Олим­пиадаға орай достық, келісім және өзара қолдауға арнал­ған бейнеролик жариялады.

Бейнероликте Жамбыл атын­­дағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орын­даушылары Ержан Әлімбетов (домбыра), Федор Артамонов (виолончель), Б.Байқадамов атын­дағы Мемлекеттік хор ка­пел­ласының әртісі Индира Құдабаева (вокал), STEPPE SONS альтернатив-фольк то­бының белді мүшесі Мұратбек Раман­құлов және жапон музы­кант­тары Юмико Фурухаши (моринхуур), Такеши Такеучи (электр бас), Тузан Хирано (сякухачи), Аи Ямагучи (вокал) бірігіп Рокусукэ Эйдің сөзіне, композитор Хатидай Нака­мураның музыкасына жазылған жапондық әнші Кю Сака­мотоның әйгілі Ue o Muite Arukō (Sukiyaki) әнін орындап шықты. Бұл ән Жапонияда 1961 жылы дүниеге келген, бірнеше мемлекеттердің топ-чарт­тарын­да, соның ішінде америкалық Billboard hot 100 чартында бірін­ші орынды иемденген. Сонымен қатар музыканттар қазақтың «Көзіңнің мөлдірін-ай» атты халық әнін нақышына келтіріп орындады. Жоба музы­кант­тардың композицияға қа­зақ және жапон халықтарының көне музыкалық аспаптарын пайдалануымен және әннің түп­нұсқа тілінде орындалуымен ерекшеленген. Бейнероликте екі мемлекеттің айрықша таби­ғаты мен көне салт-дәстүрлері көрсетілді. Композицияның негізгі идеясы – халықтар ара­сындағы өзара байланысты орнату және қолдау көрсету.  

Н.СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ