Шығыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша 26 мұрағат қоры зерттеліп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Оның жүйелі жұмысын ұйымдастыру үшін еліміздің барлық аймағында өңірлік комиссиялар өз жұмысын бастаған еді. «Комиссия мүшелері 10 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Порталдың ішкі бөлігіне мыңнан астам адамға арналған сауалнамалар енгізілді. Сондай-ақ 33 қордағы жабық мәліметтер жарияланды. Қазір ғалымдар мен мұрағатшылар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр», – деді ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов. Саяси қуғын-сүргіннің ақталмаған құрбандарын іздеудің электронды базасы әзірленіп, толтырылып жатыр. Бұл қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы мәліметтерді бір арнаға жинауға мүмкіндік береді.Н.ОРАЗҒАЛИ