Сырдарияда қалқып жүрген мәйіттің кім екені белгілі болды  
Сырдарияда қалқып жүрген мәйіттің кім екені белгілі болды  
Фото: ТЖД-нен алынды

Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолындағы көпір маңында табылған.

Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова: «Рейд кезінде кұтқарушылар өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», – деді.

Оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екені анықталды.

Бұған дейін Қызылордада 17 адам суға кеткені туралы жазған болатынбыз.