Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолындағы көпір маңында табылған.
Оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екені анықталды.Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова: «Рейд кезінде кұтқарушылар өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», – деді.
Бұған дейін Қызылордада 17 адам суға кеткені туралы жазған болатынбыз.