Досының қалтасынан 1 миллион теңге ұрлап кеткен ұры ұсталды
Досының қалтасынан 1 миллион теңге ұрлап кеткен ұры ұсталды
Фото: yandex.kz

Байқоңырда ер адам танысының қалтасынан бір миллион теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдікке жергілікті тұрғын арызданған. Арызда белгісіз біреу оның үйінің есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, кіреберіс бөлмеде ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан бір миллион теңгесін ұрлап кеткеніне шағымданған. Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 33 жастағы өзінің танысы екені анықталды.