Елімізде 41 градус ыстық болады
Елімізде 41 градус ыстық болады
Фото: yandex.kz

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады.

30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы көтеріледі. Күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін ыстық болады.