Әйелін баласының көз алдында өлтірген алматылық сотталды
Әйелін баласының көз алдында өлтірген алматылық сотталды
Фото: syrboyi.kz

Оқиға былтыр балабақшаның ауласында болған.

Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов: «Сотталған азамат қылмыс болған күні әйелімен ұрысқан. Содан кейін балабақшадағы кішкентай ұлын көруге барған. «Түркістан» ықшамауданында орналасқан балабақшаға келгенде тағы да 27 жастағы әйелімен кездеседі. Әйелі күйеуіне ұлымен кездесуге тыйым салған. Ерлі-зайыпты арасында тағы да жанжал шығып, ашуланған ер адам өзімен бірге алып келген ас үй пышағын әйелге екі рет сұққан», – деді.

Жарақат алған әйел сол жерде қайтыс болды.

Оқиға балабақша тәрбиешілері мен кішкентай баланың көзінше болған.