Құтқарушылар суға батып кеткен үш адамның денесін алып шықты
Құтқарушылар суға батып кеткен үш адамның денесін алып шықты
Фото: mkusto.izh.ru

Сычевка ауылында Ертісте төрт адам отырған қайық аударылып кеткен еді. Үшеуі құтқарылды, бірақ 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.

«Құтқарушылар жекеменшік эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің түбін сүзіп шықты. Оқиға орнынан 2-2,5 шақырым төмен ағыс бойынша сүңгіді. Эхолот сол жерде батып кеткен адамның денесін көрсетті. Бірақ дәлел расталмады. Батып кеткен адамның денесі сағат 17.48-де оқиға орнынан 2 шақырым жерде, сол жағалаудан 5 метр қашықтықта табылды, – деді құтқарушылар.

Сағат 19.15-те құтқарушылар мәйітті полицейлерге тапсырды. Кеше сағат 15.28-де іздеу нәтижесінде 1991 жылы туған ер адамның денесі көпір маңынан табылды. Ол 24 шілдеде Ертіс өзеніне батып кеткен.

Өкінішке қарай, бүгін сағат 04.30-да 112-ге Кенжекөл кентінің маңында Ертіс өзеніне 1999 жылы туған ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар суға батып кеткен адамның денесін сағат 10.45-те оқиға орнынан 30 метр төмен аймақта екенін анықтады.