Қазақстанда жаңа телеарна ашылды
Қазақстанда жаңа телеарна ашылды
© azattyq-ruhy.kz
OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде (49-ыншы арна) Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы базасында құрылған MUNARA TV республикалық рухани-ағартушылық телеарнасы ашылды. Бұдан былай, ҚМДБ-ның телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады.
«Енді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді», - делінген Діни басқарма таратқан ақпаратта.
Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламамызда жазылған. Болашақта MUNARA FM рухани-танымдық радиосын ашу жоспарланып отыр.