Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды
Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды
127
оқылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.  Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады. Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.