Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады. Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.