Елордада ер адам бірінші кездесуден кейін әйелдің 500 мың теңгесін ұрлап алды
Елордада ер адам бірінші кездесуден кейін әйелдің 500 мың теңгесін ұрлап алды
© polisia.kz
144
оқылды
Ер адаммен танысқан елордалық әйел 500 мың теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлады  Polisia.kz. Тергеу кезінде күдіктінің әйелмен танысып, ішімдік алу үшін дүкенге кіргені анықталды. Әйел кассада мобилді банкинг арқылы төлем жасап жатқанда, ол қосымшаға кіретін құпия сөзді есіне сақтап қалған. Қаскөй ішімдік ішкен соң әйел ұйықтап қалғанын пайдаланып, танысының есеп-шотына 500 мың теңге аударып жіберген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. 39 жастағы ер адамның бұрын ұрлық және алаяқтық қылмысы үшін бірнеше рет сотты болғаны белгілі болды.