Токио-2020: Алексей Луценко жекелей сында үздік отыздыққа ене алмады
Токио-2020: Алексей Луценко жекелей сында үздік отыздыққа ене алмады
Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті. Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған. Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.