Шымкенттің бас санитарлық дәрігері қаладағы карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда нысан жұмысына жаңа шектеулер мен тыйым салынатыны көрсетілген. Құжатқа сәйкес, 2 тамыздан бастап қалада жұмыс істеуіне тыйым салынған нысандар:
- мұражайлар мен кітапханалар;
- косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері. Ashyq-қа қатысатын осы нысандар сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істей алады;
- азық-түлік емес дүкен;
- ашық базарлар мен жәрмеңкелер;
- Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және басқалар) Ashyq бойынша әдеттегі режимде;
- банктер, ХҚКО, "Қазпошта" бөлімшелері Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істей алады;
- мектепке дейінгі мекемелер;
- діни нысандар;
- қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша, жазғы алаңдар Ashyq бойынша сағат 7-ден 20 сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал сенбі мен жексенбіде келушілері 50 пайыздан аспайды;
- монша;
- сауна, СПА, бассейн Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 6-дан 20-ға дейін;
- СОО, сауда үйлері, сауда желілері Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 8-ден 20-ға дейін;
- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары Ashyq бойынша сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 8-ден 20-ға дейін 30 пайыздан аспайтын келушімен.