Токио Олимпиадасы: Медальдар кестесінде Қазақстан 52-орынға ығысты
Токио Олимпиадасы: Медальдар кестесінде Қазақстан 52-орынға ығысты
Фото: sportscasting.com
Жапония жерінде өтіп жатқан XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 28 шілдедегі медаль есебінде Қазақстан 52-орынға түсті. Бүгін де Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Алғашқысын 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов иемденсе, екіншісіне 25 шілдеде ауыр атлет Игорь Сон қол жеткізді. Тағы бір ауыр атлетіміз Зульфия Чиншанло 26 шілдеде қола медаль жеңіп алды. Кешеден бері бұл орынды Қазақстанмен Украина командасы бөлісіп тұр. 28 шілденің қорытындысы бойынша медаль алған мемлекеттердің саны 62-ге жетті. Командалық есепте медаль саны бойынша әлі де Жапония көш басында келеді. Жарыс иелерінің қоржынында 13 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль бар. Медаль саны бойынша алғашқы ондықтан орын алып тұрған командалардың көрсеткіштері мынадай:  width=  width=