"Қайрат" сербиялықтардан ойсырай жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

"Қайрат" сербиялықтардан ойсырай жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Сербияның «Црвена Звезда» клубымен қарымта ойында жеңіліп қалды. Алғашқы кездесуде алматылық клуб "Црвена Звездадан" 2:1 есебімен басым түскен еді. Бүгінгі кездесуде сербиялық футболшылар сәтті ойын көрсетті. Бірінші таймда  сербиялық клубтың ойыншысы Александар Катаи 9, 42, Луа Дьони 21-минуттарда мергендік танытты. Екінші таймда сербиялық команда басымдығын арттыра түсті. Алдымен Мирко Иванич 49-минутта есепті үстемелей түссе, Филиппо Фалько 56-минутта қақпаны дәл көздеді. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді. Енді «Қайрат» 5 тамызда Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкерт» клубымен сынға түседі.