Осылайша, жүлдеге таласады деген тәжірибелі боксшыларымыз Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзат Нұрдәулетов және әйелдер арасында Надежда Рябец жүлдесіз қалды. Осы сәтсіздіктен соң бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділовтен пікір алып, боксшыларымыздың шаршы алаңда қандай қателік жібергенін сұрадық.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев та боксшылардың шаршы алаңда шаршаңқы болғанын атап өтті.
[caption id="attachment_153480" align="aligncenter" > Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері – Ғалымбек Кенжебаев.Фото: olympic.kz[/caption] – Бекзаттың жекпе-жегі әрине, қиын айқастардың бірі болды. Бірінші раундты қарсыласы жеңді, екінші раундта Бекзат басымдықты өз қолына ала білді, ал үшінші раунд тең жекпе-жек болып еді. Өздеріңіз көрдіңіздер, біздің боксшы әу баста-ақ кездесуді сылбыр бастады. Кейін бәрі кеш болды. Ал Левитке келер болсақ, ол сериалы ауыр соққы өткізіп алды. Ол мұндай кездесуге дайын болмай шықты. Иорданиядағы турнирден кейін формасын жинай алмады. Абылайхан болса мансабындағы сәтсіз кездесулерінің бірін өткізді. Қорғаныста да, қарымта шабуылда да жарытпады. Серік шаршы алаңда қолынан келгеннің бәрін жасап бақты. Деңгейі сол болды, – дейді бас бапкер.
Өзге де бокс мамандары спорттық басылымдарға берген сұхбатында «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов пен бапкерлерінің жіберген қателіктерін сөз еткен. Атап айтқанда, бокстан Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев Абылайхан Рио Олимпиадасында жіберген қателіктерімен жұмыс істемегенін тілге тиек етті.
[caption id="attachment_153484" align="aligncenter" > Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы – Бақыт Сәрсекбаев.Фото: yandex.kz[/caption] – Абылайханның кемшілігі ол қарсыласына өте ұзақ үйреніседі, шаршы алаңда ұзақ ойланады екен. Оған бірден бірінші нөмірмен жұдырықтасу керек еді. Жарытып қарымта шабуылға да шыға да алмады. Бір сөзбен айтқанда Абылай америкалық боксшыға қарсы ештеңе істей алмады. Қарсыласы да ерекше ештеңе істеген жоқ. Тактикасын қолданып, соққысын үсті-үстіне бағыттай түсті. Жалпы спортшы жеңіске жеткенде оны қолдайтындар көп болады, ал жеңілсе бірден жерден алып, жерге салады. Бұл жеңілістен соң боксшының өзі шешім шығаруы қажет. Ол екі Олимпиадаға барды. Алғашқысында әлі жас дедік. Бірақ бұл жолы оны ақтап алуға келмейді. Абылайханның кері шегінуге де құқы жоқ еді. Бұл салмақта қанша Олимпиада чемпиондары шықты, сол жолды жалғастырады деп күтті бәрі. Бірақ Абылайхан бойындағы қателіктермен жұмыс істемегені байқалды. Бұл бір есептен бапкерлердің де кінәсі, – деп есептейді Бақыт Сәрсекбаев.
Ал кәсіпқой бокста жеңіл салмақта әлем чемпионы болған Марат Мәзімбаев Токиода Абылайханның 4:1 есебімен таза жеңілгенін айтады.
[caption id="attachment_153482" align="aligncenter" > Фото: vesti.kz[/caption] – Төрешілер ешқандай бұра тартпады. Бұл бір ғана боксшының кінәсі не қателігі емес, бұған бапкерлік штаб та жауап беруі тиіс. Негізі Абылайханның орнына Олимпиадаға қатысуға Шымбергенов лайық болатын. Санкт-Петербургте өткен турнирде жеңіске жетті. Замковойды жеңді, Азия чемпионы, тайлық боксшыны жеңді. Жалпы ол үздік өнер көрсетті, бірақ бапкерлер құрамы Абылайханды алып бару туралы шешім қабылдады. Неліктен ондай шешім қабылдағаны біз үшін де түсініксіз. Алда 75 келі салмақта өнер көрсететін Әбілхан Аманқұлға сенім артамыз. 52, 57 салмақ дәрежесі бойынша да жүлдеге қол созуымыз тиіс. Барлығы Зәкір мен Сәкеннің өз қолында. Қоңқабаев та команда капитаны ретінде командаластарын жерге қаратпайды деп ойлаймын, – деген пікірін білдірді танымал боксшы.