Қайығымен бірге суға ағып кеткен ер адамды құтқарды

Қайығымен бірге суға ағып кеткен ер адамды құтқарды

Құтқарушыларға Павлодар облысы Ақсу қаласындағы «Нефтебаза» аумағында кішкентай қайыққа мінген ер адамның қиын жағдайға тап болғаны туралы хабар түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайықтағы ер адамды құтқаруға 6 адам келген. Олар 1981 жылы туған ер адамды құтқарды. Жарақат алған тұрғынның қайықты басқаруға шамасы жетпеген. Сондықтан Ертіске қайығымен бірге ағып кеткен. Мамандар қайыққа шамадан тыс жүк артпауға, 7 жастан аспаған балаларды алып жүрмеу керек екенін ескертеді.