Шопанды қорқытып, қойды тартып алып кеткен ұрылар ұсталды

Шопанды қорқытып, қойды тартып алып кеткен ұрылар ұсталды

Жуалы аудандық полиция бөліміне 30 жастағы Қарабастау ауылының тұрғыны xабарласып, ауыл маңындағы жайылымда 61 жастағы шопанға белгісіз үш адамның күш қолданып, төрт бас қойды алып кеткені туралы арыз жазған.

Қой иесіне жалпы құны 240 000 теңге шамасында материалдық шығын келтірілген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 19-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полицейлер 20-22 жас аралығындағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар өз кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.