«Мықтыларды жеңе алмадық» – бапкер
«Мықтыларды жеңе алмадық» – бапкер
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
125
оқылды
«Үш ойын өткіздік, әлі екі ойынға қатысамыз. Олимпиадада біз өте ауыр топқа түстік. Бұл командалардың барлығы жоғары деңгейдегі қарсыластар. Сондықтан, мықтыларды ұтуға шамамыз жетпей жатыр. Бізде су добы енді қарқын алып келе жатыр. Жеті-сегіз жыл бұрын жасөспірімдеріміз бой көрсете бастады. Олар өсіп-жетіліп, әлемдік деңгейде жақсы өнер көрсету үшін әлі де уақыт керек. Қазіргі таңда біз үздіктерге төтеп бере алмаймыз. Артта қалған үш ойынды да абыроймен өткізуге болатын еді, алайда, мықтылармен ойнаған кезде жігіттер қобалжып кетеді. Қарсыластың атағы әсер етіп, бар күшімізді көрсете алмай қаламыз. Физикалық дайындық жөнінен бәрі жақсы. Тактикалық тұрғыдан да қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бірақ испандықтарға қарсы ойында көп мүмкіндігімізді қолдана алмадық. Есепті қысқартатын алты, жеті мүмкіндік болды. 16:4 есебімен ұтылатындай жөніміз жоқ еді», – деді бапкер.