Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина финалға шыға алмады
Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина финалға шыға алмады
Елена Рыбакина. Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz
218
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында швейцариялық Белинда Бенчичтен жеңілді. Енді олимпиаданың қола жүлдесі үшін ойнайды.

Елена Рыбакина бірінші сетте 6:7 есебімен жеңілді. Екінші сетте швейцариялық теннисшіні 6:4 есебімен жеңді. Бірақ қазақстандық теннисші үшінші сетте қарсыласына есе жіберіп алды (3:6). Ойын 2 сағат 46 минутқа созылды.
Енді Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін ойнайды. Қарсыласы украиналық Элина Свитолина мен чехиялық Маркета Вондрусованың ойынынан кейін белгілі болады. Жеңілген спортшымен қолаға таласады. Айта кетейік, кеше Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусаны жеңген еді. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер олимпиаданың жартылай финалына шықпаған. Қазір Қазақстанның қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон қола жүлдегер атанған еді.