Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынды сәтті бастады
Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынды сәтті бастады
Токио Олимпиадасында садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин жекелей сынды сәтті бастады, — деп жазады Olympic.kz.  Ильфат 1/32 айналымда Ұлыбритания намысын қорғаған Джеймс Вудгэйтпен кездескен болатын. Кездесуде 7:3 есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Әзірге Ильфат Абдуллиннің 1/16 айналымдағы қарсыласы анықталған жоқ. ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК