Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны тамыздың ортасында басталатынын айтты
Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны тамыздың ортасында басталатынын айтты
© REUTERS / The Central Hospital of Wuhan
133
оқылды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалада эпидемиологиялық ахуалдың нашарлап кеткенін айтып, бір тәулік ішінде мыңнан астам адам індетті жұқтырғанын хабарлады.
«Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығып отыр. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім - 1,5%. 23 шілдеден бастап КВИ-дің күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді», – деді мегаполистің бас санитар дәрігері.
Оның айтуынша, COVID-19 дертінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасына, қыркүйектің басында күтілуде.
«Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында басталып, қыркүйектің басында төмендейді деп күтіліп отыр. Тамыз айында - 34,5 мың жағдай, қыркүйекте - 4,5 мың жағдай болады деп болжанған. 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлесінің артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл СOVID-19 дельта нұсқасының тез таралғанын көрсетеді», –деді Ж. Бекшин.