Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда «қоңыр-қызыл» аймақ деген түсінік пайда болды.
«Қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде)", — делінген құжатта.Бұған дейін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шыққанын хабарлаған болатынбыз.