Токио Олимпиадасы: Медаль кестесінде Қазақстан 55-орынға сырғыды
Токио Олимпиадасы: Медаль кестесінде Қазақстан 55-орынға сырғыды
Фото: sportscasting.com
130
оқылды
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 29 шілдедегі медаль кестесінде Қазақстан тағы 3 саты төмендеді. Қазақстан қоржынындағы медаль саны әлі де өзгеріссіз. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алған қола 3 медальдің көмегімен кестенің 55-ші сатысында тұрмыз. Жалпы медаль алған мемлекеттердің саны 66-ға жетті. Командалық есепте медаль саны бойынша 15 алтын 7 күміс, 9 қола медальмен Қытай алға шықты. Екінші орынға ығысқан Жапонияның алтын медальдарының саны да 15. Алайда күміс және қола медаль саны Қытайдікінен аз (4 күміс, 6 қола). Медаль саны бойынша алғашқы ондықта тұрған командалардың көрсеткіштері мынадай: 1. Қытай — 15-7-9; 2. Жапония — 15-4-6; 3. АҚШ — 14-14-10; 4. Ресей — 8-11-9; 5. Аустралия — 8-2-10; 6. Ұлыбритания — 5-7-6; 7. Оңтүстік Корея — 4-3-5; 8. Франция — 3-5-3; 9. Германия — 3-3-7; 10. Италия — 2-7-10.