"Шахтер" Румынияның 26 дүркін чемпионын жеңді
"Шахтер" Румынияның 26 дүркін чемпионын жеңді
Бүгін, 29 шілдеде UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Шахтер» командасы Румынияның ФКСБ       (бұрынғы атауы «Стяуа») клубымен қарымта ойын өткізді. Клуб 1961 - 2017 жылдар аралығында «Стяуа» атауымен жанкүйерлерге жақсы таныс. Өз елінде 26 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биыл олар күміс жүлде алып, еурокубокта бақ сынауға жолдама иеленді. Бір апта бұрын Румынияда өткен ойында ФКСБ «Шахтерден» 1:0 есебімен басым түсті. Сондықтан қазақстандық клуб екі гол айырмасымен жеңіске жету қажет болатын. Ойынның бірінші кезеңінде Михаил Габышев 11-минутта есеп ашқан болатын. Бұдан кейін екі команда тарапына есепті өзгертетін мүмкіндіктер кездесті. Екінші кезеңде румыниялық клубтан Флоринел Коман 76-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Ал 91-минутта қазақстандық Айдос Тәттібаев қайтадан өзінің командасын алға шығарды. Кездесуде «Шахтер» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. https://www.youtube.com/watch?v=TVKEVNF8gPY Енді «Шахтер» жарыстың үшінші сатысында Украинаның «Колос» командасымен кездеседі.