Алматыда автобус жүргізушісі балаларды басып кете жаздады – Видео
Алматыда автобус жүргізушісі балаларды басып кете жаздады – Видео
Фото: tengrinews.kz
Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп жатқан екі баланы қағып кете жаздады. Оқиға 27 шілдеде түстен кейін Сүйінбай даңғылында, Рысқұлов даңғылымен қиылысқа жақын жерде болған. Шамамен сағат 11.00-де балалар сол жерде велосипедпен жолдан өтпек болған. https://www.youtube.com/watch?v=LWExK66oVNA Полицейлер автобус жүргізушісін анықтаған. Тәртіп сақшылары оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
 «Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595 және 600-баптары бойынша сәйкесінше айыппұл салынды», – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.