Жыл басынан бері 312 адам суға кетті
Жыл басынан бері 312 адам суға кетті
129
оқылды

27 шілдедегі дерек бойынша, биыл 312 адамның ажалы судан болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министр­лігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.

Ведомство өкілі суға кеткен­дердің 100-ден астамы бала екенін айтты. «Өкінішке қарай, жүргізіліп жатқан профилактикалық шара­лар­ға қарамастан, қайғылы ста­тистика да өсіп жатыр. Биыл 27 шілдедегі жағдай бойын­ша, 312 адам суға кетті, оның ішін­де 109-ы – бала», – деді Бауыржан Сыздықов брифингте. Оның айтуынша, жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті, оның ішінде бала өлімі 31%-ға артқан. Азаматтық қорғаныс және әс­кери бөлімдер комитетінің төра­ғасы осы жылы су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құт­қарылғанын айтты. 41 адам рұқ­сат етілмеген орында шомыл­ғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. «Бұл жерде атап өтетін бір нәрсе бар. Егер орта есеппен бір отбасында бес адам бар деп алсақ, онда құтқарылған адам саны 214 болса, демек біз орта есеппен 43 отбасын құтқардық деп айтуға болады», – деді комитет төрағасы.  

М.ҚАЙРАТҚЫЗЫ