27 шілдедегі дерек бойынша, биыл 312 адамның ажалы судан болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Ведомство өкілі суға кеткендердің 100-ден астамы бала екенін айтты. «Өкінішке қарай, жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан, қайғылы статистика да өсіп жатыр. Биыл 27 шілдедегі жағдай бойынша, 312 адам суға кетті, оның ішінде 109-ы – бала», – деді Бауыржан Сыздықов брифингте. Оның айтуынша, жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті, оның ішінде бала өлімі 31%-ға артқан. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы осы жылы су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылғанын айтты. 41 адам рұқсат етілмеген орында шомылғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. «Бұл жерде атап өтетін бір нәрсе бар. Егер орта есеппен бір отбасында бес адам бар деп алсақ, онда құтқарылған адам саны 214 болса, демек біз орта есеппен 43 отбасын құтқардық деп айтуға болады», – деді комитет төрағасы.М.ҚАЙРАТҚЫЗЫ