Бақұл бол, Аягүл!
Бақұл бол, Аягүл!
1,189
оқылды
Ұлт әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Аягүл Мантайдың қазасы бәрімізді есеңгіретіп кетті. Аягүл Мантай Түркістан об­лысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген. Ресей халықтар достығы университетінде оқыды. 2009 жылы «Жалын» бас­пасынан «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. «Жүрекке оралу» кіта­бының авторы. «Серпер» жастар сыйлы­ғының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бо­йынша Президент стипен­дия­сының иегері атанды. Ол Aiqyn газетінің «Айқын-апта» қосымшасында арнайы айдар жүргізіп, әлем жазу­шы­ларының шығармалары, әде­биеттегі үрдістер жайлы ма­қа­лалар жария­лап тұрды. Ре­дак­циямен шығармашылық бай­ланысын үзген емес. Ол – жаны таза, әлемі мөлдір, сеніммен, сезіммен өмір сүрген, оқырмандары­ның сүйіспеншілігіне бөленген жазушы еді. Интеллектісі жо­ғары, шығармашылығы ­бө­лек, адамдардан адалдық іздей­тін таза еді. Амал нешік, өмірден ерте кетті. Aiqyn газетінің ұжымы марқұмның туған-туыстары­на, отбасына және әдебиет сүйер барша оқырмандарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жаның жәннатта болсын, Ая Мантай!  

Aiqyn газетінің ұжымы