Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұрат Мұқаев тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау бөлмесіне тұрғын үй мәселесімен жалғызбасты ана хабарласты. Мұрат Рахметұлы барлық мән-жайды толығымен біліп, тиісті мекемелерге жолығуларын сұрап, заңнамалық тұрғыдан кеңесін айтты. Келесі болып мектеп-интернаттың жабылуы салдарынан жұмыссыз қалу қаупін сезініп келген көпбалалы ана көмекке жүгінді. Қабылдау барысында тұрғынның басындағы мән-жайы анықталып, өз кезегінде Мұрат Мұқкаев тиісті мекемеге депутаттық сауал жолданатынын мәлім етті. Қабылдауға өзінің кітабын таныстырып, партиядан қолдау сұрай келген кәсіпкер де келді. Бұл мотивациялық кітап өңірдегі параспорттың дамуына елеулі үлес қосқан жандар жөнінде жазылған. Өтініш иесінің әңгімесін мұқият тыңдаған Мұрат Рахметұлы кәсіпкердің толық байланыс деректерін жазып алып, тиісті мекемелерге бұл мәселе бойынша депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді. Қабылдау қорытындысына сай әрбір тұрғынның талап-тілегі, өтініші назардан тыс қалмай, барлық мәселе бойынша консультативтік және заңнамалық тұрғыдан түсініктемелер берілді.Әбілмансұр ЖАСАН