Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Ә.М. Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы қаулы етемін:- Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Президент қаулысында.