«Самара – Шымкент» автожолында бір адам қаза тапты
«Самара – Шымкент» автожолында бір адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Кеше сағат 05:05-те Қобда аудандық ПБ кезекші бөліміне «Самара – Шымкент» автожолының 542-шақырымында Қобда ауданы Қиыл кентінің маңында жаяу жүргіншінің қатысуымен жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Opel Omega автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі «Самара – Шымкент» тас жолымен Батыс Қазақстан облысынан Қобда ауылы бағытында келе жатып, 42 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.    width=

Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.