Сарыарқада жеті ауланы жөндеді
Сарыарқада жеті ауланы жөндеді
Фото: astana.gov.kz
188
оқылды

Биыл мұнда 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған, – деп хабарлайды astana.gov.kz.

Жеке сектор тұрғындарының, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың уақытын тиімді және пайдалы өткізу үшін барлық стандартқа сай келетін қоғамдық кеңістіктер салу маңызды.    width=  width= Биыл Сарыарқа ауданының тұрғын үй алаптарында 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Бүгінгі күні «Көктал-1» тұрғын алабында Ақтолқын – Бастық көшелері мен Жұмбақтас көшесінің қиылысында орналасқан 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.    width= Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде футбол алаңы, воркаут-аймақтар, балалар ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар саябақтарда, скверлерде, бульварларда тұрғындардың демалуы үшін тыныш аймақтар қарастырылып, шырша, үйеңкі және сирень отырғызылды.    width= Сондай-ақ, биылғы жылы Агроқалашық тұрғын алабы аумағында Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда сквердің жобасы бекітілді. Осыған ұқсас жұмыстар қаланың басқа аудандарында да жүргізілуде. Айта кетейік, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, бұл 76 гектардан астам аумақты құрайды. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді.

Еске сала кетейік, елордада абаттандыру жұмыстары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатыр.