Президент Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты
Президент Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты
Фото: хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тағы парақшасынан алынды
171
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді» делінген хабарламада.

Қалмұханбет Қасымовтың Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылғаны туралы Мемлекет басшысының Жарлығы akorda.kz-те жарияланды.