Қазақстанда аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау қашан басталады?
Қазақстанда аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау қашан басталады?
Фото: yandex.com

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Биыл 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқкиімнің өндірісіне және оның Қазақстанға әкелінуіне тыйым салынады. Ал  бөлшек сауда бизнесінде таңбаланбаған тауарлардың қалдығын сату үшін 2022 жылдың 1 қарашасына дейін қосымша мерзім бар.

Жаңа ережелер бойынша жұмыс істеу үшін өндірушілер мен импорттаушылар таңбалау жүйесінде (markirovka.kz) тіркелу керек. Таңбалау кодтарын шығару үшін жүйеге өндірілетін және импортталатын өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Осындай бір кодтың құны – 2,68 теңге.

Қазіргі уақытта аяқкиім саудасында 96% – импорт, 4%-ы – отандық өнім.