Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгеде сақталатын депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйегіне арналған ең жоғары мөлшерлемені бекітті. Бұл туралы ҚДКБҚ сайтында жарияланды.
«Банктердің нарықтағы мөлшерлемесінің орташа деңгейі төмендегеніне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максимал мөлшерлеме алдыңғы деңгейде сақталынып қалды. Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максимал мөлшерлеме 0,3-ке көтерілді. Бұл депозиттердің осы түріне банктердің нарықтық мөлшерлемесі бойынша ықтимал жауабына сәйкес келеді», - делінген хабарламада.