Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында «Ақ Тілек автожол» автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – «Қарасу») алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан «Қарасу» өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрайды, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай болып есептеледі. Жалпы, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері толық көлемде жұмыс істеп тұр.
«Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлік құралымен тауарлар жеткізіледі»,-делінген хабарламада.