Бекшиннің Алматыда карантинді күшейту туралы жаңа қаулысы шықты

Бекшиннің Алматыда карантинді күшейту туралы жаңа қаулысы шықты

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин туралы жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, қалада 2 тамыздан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Олар кем дегенде 16 тамызға дейін әрекет етеді. Жаңа қаулыда кәсіпкерлік нысандарына Ashyq жобасын енгізу туралы талаптар көзделген.

Эпидемиологиялық жағдайдың "қоңыр-қызыл" аймағына сәйкес келетін Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік экономикалық нысандар кызметiн шектеу:
  • меншiк нысанына карамастан, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметін тоқтата тұру;
  • орталық мемлекеттік органдар, әкiмшiлiктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері (супер-гипермаркеттер, азық-түлік дүкендері, минимаркеттер, зоодүкендер);
  • дәріханалар және өмір сүрудi қамтамасыз ететін ұйымдары;
  • құрылыс жұмыстары, өндiрiстiк ұйымдар;
  • байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобиль, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі және басқа);
  • гүл дүкендері, фотосалондар, туристік компаниялар, бизнес орталықтары;
  • бөлек кызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агентіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері т.с.с.);
  • қоғамдық тамақтану нысандары тек алып шығуға және жеткізуге;
  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердiң, ұлттық компания және ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау (вакцина алған және соңғы 3 айда коронавирус жұқтырып ауырған).
Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.