Токио Олимпиадасының ертеңгі жарыс күнінде қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жапония астанасында Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген теннисші Елена Рыбакина кеше жартылай финалда сүрінгеніне қарамастан, ертең қола медальға таласады. Сондай-ақ, үш боксшымыз шаршы алаңға шығып, жарыстың келесі айналамына өтуге талпынып көреді. Сонымен қазақстандықтардың ертеңгі жарыс кестесі мынадай: 07:00 – Су добы. Ерлер. Іріктеу кезеңі. Қазақстан— Черногория 07:35 – Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал Ильфат Абдуллин — Цзялунь Ли (Қытай) 12:00 – Теннис. Әйелдер. Жеке разряд. Қола медаль сарапқа салынады. Елена Рыбакина — Элина Свитолина (Украина) 14:48 – Бокс. Ерлер. 1/8 финал 52 кг. Сәкен Бибосынов — Биллаль Беннама (Франция) 15:36 – Бокс. Ерлер. 1/8 финал 63 кг. Закир Сафиуллин — Дайсукэ Наримацу (Жапония)