Ақтауда букмекерлік кеңсеге пышақпен шабуыл жасағандар анықталды
Ақтауда букмекерлік кеңсеге пышақпен шабуыл жасағандар анықталды
Фото: Polisia.kz
5,148
оқылды
Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылғы 22 шілдесінде Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне “LOTO-CLUB” букмекерлік кеңсесіне белгісіз екі адамның қарақшылық шабуыл жасағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Қаскүнемдер күзетші мен касса қызметкерін пышақпен қорқытып, кассадан 1 150 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. https://www.youtube.com/watch?v=RyNYm53X9uI Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.