Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ерекше рекорд тіркеле жаздады. 24 жастағы алып күш иесі Алмат Жүнісов 26 тонналық ұшақты сүйреп, рекорд орнатуға талпынып көрген болатын, — деп жазады inform.kz. 1996 жылы туған Алмат Жүнісов бұған дейін пойыз локомотивін сүйреп, рекорд орнатқан екен. Содан ауыр көлікке деген әуестігі артса керек, бүгін салмағы 26 тонна болатын ұшақты сүйреп көрді. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токио төрінде бақ сынап жатқан қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Ұшақпен «арпалысар» алдында Алмат журналистерге шағын сұхбат беріп, наурыз айында 109 тонна болатын пойыз локомотивін қалай сүйрегенін баяндады. Бұл жолғы таңдаған көлігі — Bombardier Q400 NextGen ұшағы болатын. Әуе кемесінің биіктігі – 8,4 метр, ұзындығы – 32,8 метр, салмағы – 26 тонна, қос қанатының ұзындығы – 28,4 метр. https://www.youtube.com/watch?v=wIJz6W1ixcQ&feature=emb_title