Қазақстан Олимпиаданың медаль кестесінде 59-орынға ығысты
Қазақстан Олимпиаданың медаль кестесінде 59-орынға ығысты
Фото: news.myseldon.com
196
оқылды
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 30 шілдедегі медаль кестесінде Қазақстан жүлдеге ілінген 70 мемлекеттің ішінде 59-орында тұр. Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны өзгермегенімен, командалық есептегі орны күн санап төмендеп барады. Бүгінгі көрсеткіш – 59 орын. Кеше командалық есепте Жапонияның алдына шыққан Қытай құрамасы бүгін көрсеткішін жақсартып, алтын санындағы айырмашылықты арттыра түсті – 19 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль. Медаль саны бойынша алғашқы ондықта тұрған командалардың қатарына бүгін Нидерланд құрамасы қайта кірді. Үздік ондықтың қатары мынадай: 1. Қытай — 19-10-11 2. Жапония — 17-4-7 3. АҚШ — 14-16-11 4. Ресей — 10-14-10 5. Аустралия — 9-2-11 6. Ұлыбритания — 6-9-9 7. Оңтүстік Корея — 5-4-6 8. Нидерланд — 3-7-5 9. Франция — 3-5-5 10. Германия — 3-4-9 Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.