Қазіргі уақытта платформада eGov.kz порталындағы:
- тұрғылықты жері туралы анықтама алу;
- жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар;
- зейнетақы аударымдары;
- әртүрлі медициналық ұйымнан;
- шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру туралы анықтама алуға болады;
- ХҚКО-да кезекті броньдау қызметі;
- кепіл туралы анықтаманың барлық түрін қоса алғанда ең сұранысқа ие көрсетілетін қызметтер қолжетімді.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығарылды. Осылайша, біз халықтың қызметтерді өзіне ыңғайлы платформада алуына жағдай жасаймыз", – деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.Сервисті пайдалану үшін Aitu-ды жүктеп алып, оған тіркелу қажет. Әрі қарай "қосымшалар" бөлімінде "eGov-ты" таңдайсыз немесе бөлімнің жоғарғы бөлігіндегі баннерді басасыз. Кейін авторды жазып, өзіңізге қажет қызмет түрін таңдаған соң, бір минут ішінде сауалға жауап аласыз. Сервис Aitu платформасының мобильді нұсқасында қазақ және орыс тілінде қолжетімді. Көрсетілетін қызмет елде және одан тыс жерлердегі барлық қазақстандыққа қолжетімді. Басты талап – мобильді азаматтар базасында тіркелген болу. Егер пайдаланушы МАБ-та тіркелмеген болса, онда еGov-та жеке кабинетінде логин мен парольді енгізу қажет немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығарылған Digital-ID сервисі арқылы жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру қызметін пайдалана алады.
"Aitu құндылығын арттыруға жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жолы жұмысқа орналастыру, БЖЗҚ шотындағы қолжетімді соманы тексеру, сапарларға дайындық және тағы басқа қарапайым мәселелерді шешуге қатысты көрсетілетін қызметтерге баса назар аудардық. Aitu-дың көмегімен кез келген жерде, уақытта және құрылғыда ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге қазақстандықтардың белсенді түрде қолжетімділігінің болғанын қалаймыз", – деп түсіндірді BTS Digital компаниясының продакт менеджері Нұрсұлтан Ахметов.Aitu-дағы eGov сервисі "ҰАТ" АҚ мемлекеттік контурының ішінде орналасқан, BTS Digital компаниясы дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.